Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі тұрғындармен кездесті

Серік Шәпкенов аудан орталығында салынып жатқан полиция бөлімінің және ауылішілік жол құрылысымен танысты
Атырау облысының әкімі тұрғындармен кездесті
Фото: gov.kz 25.06.2022 11:28 1332

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Миялы ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баяндама жасап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жиында ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселелерді қозғады. Бұл ретте аймақ басшысы тұрғындар сұрағы өзектілігіне қарай заң аясында шешілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Миялы ауылындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.

2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 11 шақырым жолдың құрылысы басталған. 548 млн теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Биылғы жылы 160 млн теңге қаржы бөлінді. Алайда қосымша 513 млн теңге қаржы қажет. Жобаны биыл аяқтау жоспарлануда. Аудан бойынша 53% жол асфальтталған, деді Қызылқоға ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары инспекциясының бөлім басшысы Ерболат Иғали.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Миялы ауылындағы орталық стадион құрылысымен танысты. 2021 жылы маусым айында басталған нысан биыл  шілдеде аяқталады деп жоспарланған.

Құрылыстың негізгі аяқталу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айы болған. Алайда жұмыстың баяу жүруі салдарынан 2022 жылдың шілде айына дейін ұзартылған. Бүгінде нысан 60 пайызға аяқталған, деді Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Алтынбек Бейбітов.

Аймақ басшысы жауапты мекемеге тұрғындар үшін нысандардың маңыздылығын атап өтіп, халық игілігіне берілетін әлеуметтік нысандарды уақытында тапсыруды жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға