Атырау тұрғынын бопсалап, 1 млн теңге сұраған күдікті ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.07.2024 04:29
704
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 27 жастағы азаматтан жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға