Жаңалықтар

Атырау тұрғыны 15-қабаттан секірмек болған

Атырау тұрғыны 15-қабаттан секірмек болған
Фото: © Polisia.kz 01.11.2023 07:26 563

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

31 қазан күні сағат 14:21 шамасында "102" арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, - делінген мәліметте.

Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.

28 жастағы тұрғын өміріндегі қиындықтарға байланысты суицид жасамақ болғанын айтты. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға