Жаңалықтар

Атырау тұрғындарынан 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Мемлекетке келтірілген залал құны 130 млн теңгені құрады
Атырау тұрғындарынан 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
Фото: egemen.kz 18.10.2022 09:06 1222

Атырауда әкесі мен ұлынан 300 келіге жуық бекіре тәркіленді. Күдіктілер заңсыз ауланған бағалы балықты сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 300 келіге жуық бекіре балығын сатуға дайындағын әкелі-балалы тұрғындарды ұстаған.

Басқарма қызметкерлеріне балық қорына заңсыз қол сұғушыларды ұстауға жедел әрекет ететін арнайы жасақ көмек берген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтарын сатпақ болған Атырау қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар – әкелі-балалы адамдар. Әкесінің жасы 61-де, ал, 37 жаста. Күдіктілер бағалы балықтарды «Нива» автокөлігін тасымалдап келе жатқан. Көлікті тексеру кезінде және тұрғылықты мекен-жайынан 280 келіден астам бекіре балығы табылып, тәркіленді»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мемлекетке келтірілген залал құны 130 млн теңгені құрады. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға