Жаңалықтар

Атырау су тасқынының шарықтау шегінен өтті - ТЖД

Атырау су тасқынының шарықтау шегінен өтті - ТЖД
Фото: Видеодан кадр 04.06.2024 15:06 540

Атырау облысы бойынша қазіргі уақытта Индер және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, облыс су тасқынының шарықтау шегінен өтті.

Қазір біз су тасқынының шарықтау шегіне жеттік, Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеуде. Су деңгейін қазіргі уақытта Индер, Махамбет аудандарында және Атырау қаласында күнделікті бақылап отырмыз. Сонымен қатар, Жайықтан тасыған су жыраларға жайылып, көп аумақты су басуына байланысты, шаруа қожалықтарына қауіп төнді. Шаруа қожалықтарының иелерінен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша «жедел желіге» келіп түскен барлық қоңыраулар жедел өңделуде» деді Руслан Шариев.

Қазіргі уақытта су басқан аймақта қалған үй жануарларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарды су басып жатқан жағдайлар тіркелуде. Су деңгейі төмендегеннен кейін, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Әзірге судың қауіпсіздігі туралы айтуға әлі ерте. Инфрақұрылым нысандары толықтай қалпына келтіріліп, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана судың қауіпсіздігі туралы айтуға болады»- деді спикер.

Айта кету керек, Индер ауданында су деңгейі шектік деңгейден 50 см-ге, Махамбет ауданында 1 метрге, Атырау қаласында 27 см-ге асты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға