Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі көгершіндерге жем шашуға тыйым салды

Атырау қаласының әкімі көгершіндерге жем шашуға тыйым салды
Фото: Видеодан кадр 16.08.2023 18:35 1237

Атырауға әкім болып тағайындалғанына бір ай болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға тыйым салды. Шенеунік бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Арнаулы автобаза" қызметкерлері қажетті тазалық жұмыстарын жүргізгенмен, бұрынғы қалпына қайта түсуде. Осы мәселені шешу үшін бүгін учаскелік полиция, "Арнаулы автобаза" ЖШС басшысы және жауапты бөлім басшыларымен бірге аталған орынға барып қайттым. Расымен, тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қайтадан қоректенуге келген құстардың саңғырығынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитарлық жағдай десек артық болмас, – дейді әкім. 

Осыған байланысты әкім қала тұрғындарына аталған жерге келіп құстарды қоректендірмеуге ұсыныс білдірді. Сондай-ақ полицияға осы талаптарды бұзғандарға қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

Өмірден өткен Ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату – еліміздің тарихын, елдігімізді білдіреді. Осыған байланысты полиция басшылығына алдағы уақытта көгершіндерге тамақ қалдығын тастаған азаматтар мен азаматшыларға абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушылық талаптарына сай шара қолдануды тапсырдым. Әрине, көгершін - бейбітшілік символы екені сөзсіз. Бірақ, бүгінгі ескерткіш басындағы көрініс бұл түсінікке сай келмейді. Қазақтың маңдайына біткен нар тұлғамыз, өмірге екі келмейтін ағамыздың ескерткішіне сыйластықпен қарап, тұрғындар менің ұсынысымды қолдайды деп есептеймін. Осы мақсатта қала тұрғындарын бұл жерге келіп, көгершіндерге нан қалдықтары мен басқа да тағамдарды тастамауға шақырамын!, – дейді әкім. 

Осылайша, коммуналдық қызметтен алаңдағы көгершіндерді қуатын арнайы маманды қоюды талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға