Жаңалықтар

Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: gov.kz 12.08.2022 20:48 1221

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Қанат Әзмұханов болды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген, Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

Еңбек өтілі:
«Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі, заңгер;
«КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры;
Атырау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010 ж. - 2012 ж.);
«KazTransOil-Logistik» ЖШС директоры (06.2012 ж. - 10.2013 ж.);
«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (10.2013 - 03.2016 ж.);
Атырау қаласы мәслихатының хатшысы (04.2016 ж. - 10.2018 ж.);
«Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры (10.2018 ж. - 2020 ж.);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (2020 ж. - 08.2020 ж.).

Бүгінге дейін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып келген.

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Қанат Әзмұхановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға