Жаңалықтар

Атырау облысындағы пойыз апаты: үш адам ауыр халде жатыр

Атырау облысындағы пойыз апаты: үш адам ауыр халде жатыр
Фото: ҚТЖ 01.03.2025 17:24 152

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін оқиға салдарынан локомотив бригадасының мүшелері мен жүк көлігі жүргізушісі жарақат алды деп хабарланған еді. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  жаңартылған ақпаратында жүргізушінің зардап шекпегені нақтыланды. Облыстық аурухананың травматология бөлімінің алғашқы мәліметінде оның ауыр жарақат алғанын айтқан болатын. 

Оқиға орнында 12 құтқарушы мен 4 бірлік авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. 

1 наурыз күні сағат 10:20-да «Теңдік» стансасындағы теміржол өткелінде жүк пойызы жүк көлігімен соқтығысқанын еске саламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға