16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Атырау облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
16.07.2023 21:10
1909
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Іле Алатауы тауларында адасқан үш жасөспірім табылды
Келесі жаңалық
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды