Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
28.02.2023 14:34
979
28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада Алғыс айту күніне мерекелік іс-шаралар өтеді