Жаңалықтар

Атырау облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды

Атырау облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды
Фото: polisia.kz 21.02.2023 21:34 1111

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы 3,5 сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Өзбекстан Республикасының азаматы Мақат ауданында жоғалып кеткен.

Өзбекстан Республикасының 38 жастағы азаматы жерлесінің көлігімен Ресей Федерациясынан келе жатқаны анықталды.

Ол «Атырау – Доссор» бағытындағы жолдың бойында көліктен түсіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

«Мақат аудандық полиция бөліміне көрші ел азаматының жоғалғаны туралы хабар кеше, 20 ақпанда түнгі сағат 22:30 шамасында түсті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Доссор кентіндегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері шетелдік азаматты бүгін, 21 ақпанда жергілікті уақтыпен сағат 02:00 шамасында тапты. Із-түзсіз жоғалған Өзбекстан Республикасының тумасының Мақат ауданындағы №469 теміржол бекетінің тұсында жүргені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға