Атырау облысында жоғалған адамдар табылды

Фото: ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ / видеодан алынған кадр
19.02.2024 18:33
841
ТЖМ мәліметінше, 19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы да тартылды.
ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Париж-2024: Ойындардың басталуына 158 күн қалды
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады