Жаңалықтар

Атырау облысындағы өзекті проблемаларды шешу бойынша кеңес өтті

Кеңес барысында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау, облыстық және аудандық маңызы бар көпірлер мен автомобиль жолдарын салу мәселелері талқыланды
Атырау облысындағы өзекті проблемаларды шешу бойынша кеңес өтті
Фото: Үкімет 30.09.2022 20:36 1961

​​ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Атырау облысын дамытудың өзекті проблемаларын шешу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау, облыстық және аудандық маңызы бар көпірлер мен автомобиль жолдарын салу, көпфункционалды медициналық мекеме, кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау, «Болашақ» зауытында және суландыру-суару каналдарында жөндеу жұмыстарын аяқтау, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау үшін қосымша қаражат бөлу, үш ауысымды оқытуды қысқарту, білім беру нысандарын салу және т. б. мәселелер талқыланды. 

Облыс әкімі Серік Шапкенов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова, қаржы вице-министрі Татьяна Савельева және денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндама жасады. Индустрия министрі биыл жергілікті жолдар желісін салуға және реконструкциялауға 13,6 млрд теңге бөлінгенін хабарлады: құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрлерімен 45 км жол қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша олардың нормативтік жағдайдағы үлесін 74%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Премьер-Министр жолдардың сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жеделдету қажет екенін атап өтті, қазіргі кезде бұл – еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. 

«Егер битум жеткізуді тездетпесек, оның қыста қажеті болмай қалады. Барлық шешімдер тиісті деңгейде қабылданды. Бұл мәселені күнделікті бақылауға алып, битум жеткізуді жеделдету қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр мемлекеттік органдарға Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаралған барлық мәселелерді уақытылы және толық пысықтауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға