Атырау облысында төбелестен кейін ер адам көз жұмды
Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
15.04.2024 16:06
606
Атырау облысының 37 жастағы тұрғыны төбелестен кейін көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Мақат аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатын алған төрт адам жеткізілді.
Полиция бөлімшесіне белгісіз адам телефон қоңырауын шалып, екі ер адамның жанжалдасып, сөзге келісе алмай жатқанын хабарлаған. Әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген 1987 жылғы жігіт қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2003 жылы туған күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға