Жаңалықтар

Атырау облысында сұйытылған газдың ең төменгі бағасы 54 теңге болып бекітілді

Атырау облысында сұйытылған газдың ең төменгі бағасы 54 теңге болып бекітілді
Фото: © Pixabay.com 03.07.2023 17:24 936

Сұйытылған газдың ер арзан бағасы Атырау облысында 54 теңгеден сатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдык шаруашылық басқармасы ұсынған мәліметке қарағанда, өңірде 107 автогаз құю бекеті тіркелген.

Атырау қаласында автокөлікке сұйытылған газ құятын 50 станса бар. Ал, Жылыой ауданында 19, Құрманғазыда – 11, Қызылкоғада – 6, Мақатта – 6, Индерде – 6, Исатайда – 6, Махамбет ауданында 3 станса орналасқан. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес сұйытылған газ бағасына өзгеріс енгізілді. Соған байланысты Атырау қаласы мен одан 200 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан елді мекендердегі газ құю стансасында сұйытылған газ бағасының литрі 54 теңгеден сатылады. Ал, облыс орталығынан 200 шақырымнан асатын қашықтықтағы елді мекендерде сұйытылған газ бағасының бір литрі 59 теңге болып бекітілді. Атырау облысындағы сұйытылған газ бағасы еліміздегі ең төменгі баға болып қала береді, - деп хабарлады басқармадан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын елімізде сұйытылған газдың жаңа шекті көтерме сауда бағасы күшіне енгені хабарланған еді. Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 10%-ға төмендеген.

Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді. Белгіленген шекті көтерме сауда бағамен тоннасына 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде) зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына – 42 000-72 000 теңге, - деп мәлім етті ведомостводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға