Атырау облысында қамыс өрті 28 гектарға дейін азайды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
09.07.2023 23:30
1056
Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 28 гектарға дейін азайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дер кезінде қабылданған белсенді шаралардың арқасында әуе және жер үсті әдістерімен жүргізілген өрт сөндіру жұмыстарының арқасында белсенді ашық жану алаңдарын 28 гектарға дейін төмендетті.
Жалпы көлемі 200-ден аса тонна болатын 68 су ағызу жүзеге асырылды.
Өртті сөндіру жалғасуда.
Метеорологиялық жағдай: +40 градус, оңтүстік-шығыс жел 10-14 м/с.
ТЖ жою бойынша жедел жұмыстарға Атырау облысының ТЖД және «Ақжайық» МТР бөлімшелерінің 100-ге жуық адам және 20 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда МАЭК-тегі энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды
Келесі жаңалық
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті