Атырау облысында қалың қамыстың жану көлемі 50 гектар алқапқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қамыстың ашық жалынымен белсенді тұтану алаңы 50 гектар аумақтан асып отыр. Өртті сөндіру жұмыстары Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдарымен жүзеге асырылып жатыр.
Бүгін өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылуда. Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатқандығын атап өткен жөн. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ Алматы академиясында даярлау орталығы ашылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды