Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қайтыс болды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.10.2023 14:20
738
17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын мәлім еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.
Көлік ішінен 1971 ж.т., 1981 ж.т., екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған.
Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Хорватия Премьер-министрімен кездесті