Атырау облысында екі адамның денесі табылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
07.04.2024 13:15
782
Атырау облысында қайтыс болған екі адамның денесі іздеу кезінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға