Жаңалықтар

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 04.04.2024 23:08 535

Атырау облысы Жылыой ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Жылыой ауданы Құрсай өзегінің су басу қаупі орын алуына байланысты бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, ТЖД, Әскери бөлімнен 321 қызметкер, 121 техника және ауыл тұрғындары мен еріктілерден 4030 адам жұмылдырылды.

Ауыл тұрғындарымен және ТЖД күштерімен 6809 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға