Атырау облысында алты адам өрттен құтқарылды

Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
17.07.2023 11:10
938
Атырау облысында өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 16 шілде күні сағат 17:28-де Атырау қаласындағы Вокзал ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын өз күшімен эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды құтқарды.
Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады