Атырау облысында 64 млн теңге көлемінде заңсыз ауланған бекіре табылды
Фото: fishcommitteekz
Фото: fishcommitteekz
20.05.2023 18:05
1157
Атырау облысында Каспий теңізіне қарай шығатын ауданда рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 62,2 кг. 3 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері браконьерлік жағдайдың алдын алды.
Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізетін болады. Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал 64 377 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта балық қорғау акциясы жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген президентпен ұшақта түскен суретін жариялады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты