9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама түскен, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
"Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан уланып, жедел-жәрдем қызметімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады", делінген хабарламада.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілген.
Мамандар тұрғындардың уланудың себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына іздеу жарияланды