Жаңалықтар

Атырау облысында 38 киік өлексесі табылды

Атырау облысында 38 киік өлексесі табылды
Фото: instagram.com/qazfwc 28.01.2024 16:32 741

Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киік өлексесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәслихат депутаты Бақыт Қаметов Facebook желісінде жариялап, осы факт бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Атырау облысының аумағында киіктердің санын реттеу бойынша іс-шаралар киіктерді және оның дериваттарын реттеу механизмі бойынша бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды, - делінген комитеттің мәліметінде.

Киік санын реттеу шаралары «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Бекітілген Алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді, - деп қосты комитеттегілер.

Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді және кейіннен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға