Атырау облысында 29 жастағы жүкті әйел ауруханада қайтыс болды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
15.12.2023 11:45
1162
Атырау облысында келіншек жүктіліктің 36 аптасында көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
29 жастағы әйел 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Артында бір жастағы баласы қалып отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр.
Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады.
Бөлісу:
