Атырау облысында 100 гектар аумақта қамыс өртенді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
02.03.2024 22:21
1053
Атырау облысының Құрманғазы орманшылығының аумағында қамыс өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жерде болған. ҚР ТЖМ мәліметінше, Құрманғазы орманшылығының аумағында 100 гектар алаңда қамыс өсімдіктері жанған.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді