Жаңалықтар

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды
Фото: ortcom.kz 22.05.2024 19:00 647

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 581 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1005 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толған.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші - 86,9%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69,9%-ға толы. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеуде.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,3%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп жатыр.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға