Жаңалықтар

Атырау облысынан эвакуацияланған азаматтарға көмектескен маңғыстаулық еріктілер марапатталды

Атырау облысынан эвакуацияланған азаматтарға көмектескен маңғыстаулық еріктілер марапатталды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 01.05.2024 17:21 706

Маңғыстауда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Атырау облысынан эвакуацияланған азаматтарға көмектескен еріктілер марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл аймақтағы мереке ерекше маңызға ие болып отыр. Биыл облыс тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының эвакуацияланған тұрғындарына бірігіп көмек қолын созды. Эвакуациялау пункттерінде жатын орындар дайындалып, тамақ таратылды.

Жиынды ашқан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, тыныштықты сақтауға ұдайы үлес қосып жүрген барша маңғыстаулықтарға алғысын білдірді. 

Биыл елімізде болған су тасқыны отандастарымыз үшін үлкен сынақ болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында атап өткендей, бұрын-соңды болмаған табиғи апатты абыроймен еңсеруде еліміздің мызғымас бірлігі айқын көрініс тапты. Осындай қиын жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық өңірлерде гуманитарлық көмекті қабылдайтын және волонтерлердің жұмысын үйлестіру орталықтарын ұйымдастырды. «Жүректен жүрекке» жалпыұлттық акциясы аясында облысымыздағы зардап шеккен аудандарға азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарлары да жөнелтілді. Қайырымдылық және гуманитарлық көмектерді жинауға, эвакуациялауды ұйымдастыруға және азаматтарды ақпараттандыруға барлық этномәдени бірлестіктер, сондай-ақ еріктілер, құтқарушылар, әскери қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер белсене қатысты, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев эвакуациялау кезінде көмек қолын созған белсенділерді марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға