Жаңалықтар

Атырау облысынан 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстау өңіріне көшірілді

Атырау облысынан 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстау өңіріне көшірілді
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 08.04.2024 19:17 628

Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарынан 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстау өңіріне көшірілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық қоғамдық Коммуникация орталығының мәліметінше, Атырау облысында төтенше жағдай жариялануына байланысты, Жылой ауданы, Құлсары қаласынан қазіргі уақытта 1678 мектеп оқушысы Маңғыстау облысына жеткізілді.

Эвакуацияланған білім алушылар өңірдегі білім беру ұйымдарына тіркелді.  Ақтау қаласына 374 оқушы, Бейнеу 1098 оқушы, Жаңаөзен қаласына 65 оқушы және Қарақия ауданына 38 оқушы, Маңғыстау ауданына 41 оқушы, Мұнайлы ауданына 53 оқушы, Түпқараған ауданына 9 оқушы есепке алынды.

Сонымен қатар, облысқа келген оқушылардың 351-і мектепке, 326-ы колледждерге, 992-і туыстарының және облыс тұрғындарының үйлеріне, 9-ы қонақ үйлерге ата-аналарымен бірге орналастырылды. Онымен қоса, жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін облыстық білім басқармасы тарапынан жауапты қызметкерлер жөнінде ақпарат енгізілген «Атырау облысына көмек» атты арнайы парақша ашылды. 7 сәуір күні оқушылардың барлығы сабаққа қатысты. Оқушылар 52 мектепке бекітілді. Оның ішінде, 1618 оқушы қашықтықтан, 49 оқушы дәстүрлі форматта білім алуда. Аталған мәселеге байланысты қашықтықтан оқыту сабақтары ZOOM желісі арқылы өтеді. Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі. Ал, өзгерістер қосымша хабарланып отыратын болады. Оқушыларға қажеттілігіне қарай кеңсе тауарлары, оқулықтар таратылды.

Эвакуацияланғандар  орналастырылған білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға