Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма?

Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 14.05.2024 13:06 700

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықовтан Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бары-жоғын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен вице-министр биылғы су тасқыны іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органның мәселесін қамтитын кешенді бағдарлама жасалатынын айтты. Оның ішінде ТЖМ де барын атап өтті. Ал бағдарламаның іске қосылу мерзімі туралы әзірге айта алмайтынын тілге тиек етті.

БАҚ өкілдері: «Атырау мұнай өңдеу зауытын су басу қаупі бар ма?», деп сұрады.

Қазіргі таңда мұндай мәселе тұрған жоқ. Себебі су тасқыны кезеңі басталғанға дейін онда тиісті шаралар қабылданды, – деді ТЖМ орынбасары Бауыржан Сыздықов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға