Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты: министрлік түсініктеме берді

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты: министрлік түсініктеме берді
Фото: instagram.com/atyrau 03.07.2023 20:36 1251

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.

Ал Энергетика министрлігі байланысты Атырау МӨЗ-дің технологиялық және қосалқы объектілері апатты жағдайда тоқтауына электр энергиясының терең отырғызылуы себеп екенін айтты.

Авариялық жағдайларды жою және оқшаулау жоспарларының талаптарына сәйкес объектілер тоқтатылып, технологиялық газ алау қондырғыларына жіберілді.

Электр энергиясын отырғызу себептері анықталуда, ақпарат қосымша ұсынылады, - делінген мәліметте.

Министрлік Шымкент МӨЗ АИ-95 автобензинін шығаруды шектей отырып, каталитикалық риформинг қондырғысының катализаторының регенерациясын ескере отырып жұмысын жалғастырып жатқанын алға тартты.

Қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қорлары:

-автобензин АИ-92 – 351 мың тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;

- Аи-95 – 46 мың тонна (15 тәулік);

- дизель отыны – 520 мың тонна (29 тәулік).

Ағымдағы ЖЖМ қорлары елдің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді және Шымкент және Павлодар МӨЗ-дері жөндеуден шыққан сәтке дейін жеткілікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға