Жаңалықтар

Атырау МӨЗ экс-басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды

Атырау МӨЗ экс-басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 25.07.2024 09:50 480

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деген күдікке ілікті, - дедінген мәліметте.

М.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға