Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды

Фото: QazAvtoJol
Фото: QazAvtoJol
19.05.2024 09:01
750
Атырау облысында бірнеше бағыттағы жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келесі автомобиль жолдарын су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылып отыр.
«Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысы да шектелді.
«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.
Бөлісу:
