"Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады

Фото: QazAvtoJol
Фото: QazAvtoJol
22.05.2024 19:26
702
Бүгін 22 мамыр сағат 21:00-ден бастап "Атырау - Индер" трассасы уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ жөніндегі Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, бұған дейін 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын. Қосымша тағы да осындай 6 құбыр салынғалы отыр.
Құбыр орнату жұмыстары шамамен 24-30 сағатқа созылады деп күтілуде. Бұл жұмыстарға қосымша 30 адам және 50 техника жұмылдырылады.
Автокөлік жүргізушілері үшін балама жол "Атырау - Хамит Ергалиев - Махамбет" бағыты ашық.
Бөлісу:
