Жаңалықтар

Атырау емханаларына 40 санитарлық көлік тапсырылды

Атырау емханаларына 40 санитарлық көлік тапсырылды
Фото: Атырау облысы әкімдігі 15.09.2024 10:06 412

Атырау облысының аудан, қалаларындағы аурхана мен медициналық ұйымдарына «HAVAL Н6» және « HAVAL M6» маркалы автөлік кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Серік Шәпкенов денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өңірдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүйеленді. Соның бір мысалы – емханаларға замануи көліктердің тапсырылуы. Бұдан бөлек, биыл 7 медициналық нысан бой көтерді. Оның ішінде, шалғайдағы 3 ауылға фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, қолданысқа берілді. Қазір 15 елді мекенде дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Сонымен қатар, халық көп шоғырланған алыс аудандарды қажетті медициналық жабдықпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Құлсары қаласындағы ауруханаға МРТ аппаратын орнаттық. Осындай диагностикалық құрылғыны Құрманғазы және Индер ауданына да орнатуды көздеп отырмыз. Осы аталған жұмыстармен қатар, дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Біз осы арқылы медициналық маман тапшылығын жоды мақсат етіп отырмыз, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Жергілікті бюджет есебінен «HAVAL Н6» маркалы 15, «HAVAL M6» маркалы 25 көлік алынған. Оның 15-і аудандағы ауруханалар мен ауылдық елдімекендегі амбулаториялық пункттерге берілді. Қалған 25-і қаладағы емханалар мен Психикалық денсаулық орталығы және Дамбы дәрігерлік амбулаториясына тапсырылды.

Айта кетейік, былтыр жергілікті бюджет есебінен 40 санитарлық «Соболь» көліктері алынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға