Атырау облысында қалың қар жауып, бұрқасын салдарынан «Атырау-Астрахань» бағытындағы республикалық тас жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден (Астана уақыты бойынша 16:00) ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау-Астрахань» тас жолы көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды.
«Қозғалыс режиміндегі өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады. Өңірде жауған қалың қарға байланысты барлық жол қозғалысы қатысушыларына күрделі ауа райы жағдайында жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», делінген облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.