Жаңалықтар

Атсалим Идигов: Отанымыздың алдында қазіргі тағдыры мен болашағына жауаптымыз

Атсалим Идигов: Отанымыздың алдында қазіргі тағдыры мен болашағына жауаптымыз
28.03.2019 10:18 2462

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының мүшесі Атсалим Саламұлы Идиговпен сұхбаттасқан едік. Адамның саналы ғұмырында қашанда өшпес естеліктері болады ғой, біз сол жайында ақтарыла әңгімелестік.  

Тағдыры ортақтастырылғандар

— Атсалим Саламұлы, биылғы жылы вайнах халқының жер аударылғанына 75 жыл толды. Қанша жыл өтсе де туған жерінен айрылған ұлттың жүрегіне түскен ауыр сызаттың орны жазылмай келеді.   

—  Мен үшін, жер аударылып келген халықтың ұлы үшін екі оқиға да жақын әрі маңызды. Ақпан айының аяғында жер аударылып келгенімізді еске алсақ, 1 наурыз – Алғыс айту күнін атап өттік. Екіншісі алдыңғысының жалғасы іспеттес. Біздің аталарымыз, әкелеріміз бен аналарымыз ауыр сынға төтеп беріп, қуғын-сүргін және тұтастай бір халықтардың жер аударылуы заманында аман қалды. Бұл адамдардың өзара көмегі, адамгершілігі және бір-біріне деген қамқорлығы арқасында. Біздің қазақ ұлтына және басқа халықтарға айтар алғысымыз шексіз!

Киелі жердің бір уыс топырағы...

— Өмір жолыңыз қызыққа толы айтарыңыз көп тұлғасыз. Осы орайда сізден жан толғандырар естелікті әңгімелеп беруіңізді сұраймын.

— Әуелі мынадан бастап айтсам деймін, «депортация» деген қаралы сөздің тағы бір тұсында жарқын, адами қайырымдылықтың және мейірімділіктің ұшқыны бар. Сол кезде тағдырдың ырқымен тау халқы ауыр сында көмек қолын созып, ошақтары мен төрінен орын берген өздері бұрын танымаған қазақ халқымен танысып-білісті.

Осы туралы шешен халқының дарынды ақыны Умар Ярычев өзінің өлеңінде «Земля казахская, земля священная, ты в самый горький час делила с нами и хлеб, и материнское тепло» деген еді. Ақын өзі де Қазақстанда туғанын айта кетейін. Оның ақындық қабілеті Алматыда Олжас Сүйлеменовпен дос болып жүргенде шыңдалған.

Барлық «тозақтың шеңберінен» өткен, күн сәулесімен жүзі қақталған, даланың аңызақ желімен шыңдалған, ұлы рухты ата-бабалары бар қазақ халқымен бүгінде вайнахтар бір үлкен тату отбасындай бірге өмір сүріп отыр. Бәріміздің жеріміз бір, отанымыз бір, ол – Қазақстан.

Кейбір шешен халқы Кавказға қайта оралса да Қазақстанды жүректерінде мәңгі сақтап қалған. Олар қиындықты басынан өткеруге көмектескен, қысылған уақытта жанынан табылған қазақ елін айрықша алғыспен еске алады. Бұл күнде арамызда жоқтары да қазақ бауырларына деген ыстық ықыласын соңғы демі біткенше айтып отырғанына талай куә болдық.

Сөзімнің дәлелі ретінде бір қызықты оқиғаны баяндап берейін, оның біраз адамды ойландырып тастайыны сөзсіз. Бұл оқиға адам өмірінің болмысы, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңетіні және мәңгілік құндылықтар туралы. Оқиға тағы бір мәрте адамдардың қарым-қатынасының анықтауышы қандай да бір ұлтқа, руға немесе тайпаға, материалдық байлықтың бар-жоқтығына, әлеуметтік жағдайына қарамайтынын, керісінше, Жаратушының адамның бойына берген адамгершіліктің бастауы – жақсылық, тазалық және парасаттылық екенін баяндайды.  

Оқиға 1993 жылы болды. Грозныйға таяу жер – Алхан-юрт ауылында өзімнің туысқандарыма қонақтап барған едім. Бір күні сол маңдағы зираттардың басына баруды ұйғардым. Әруақтарға құран бағыштап, кетуге бет алғанда, жергілікті тұрғындардың бірі мені кішірек бір төмпешіктің басына алып барды.

Әлгі зираттың көктасында «Ахьяд – Алхастың ұлы» деген жазу бар екен. Әрі қарай туған жылы мен қайтыс болған жылы көрсетілген.

«Бұл зиратта қазақ жерінің бір уыс топырағы жатыр» деді менің жол көрсетушім. Менің сұраулы жүзімді көрген ол зиратта жатқан адам туралы айтып берді. Сондағы әңгіме барысында зиратта маған жақын әрі танитын адам жатқанын біліп, таңдандым. Мен «О, Алла, жер шынымен де домалақ, адамдардың тағдыры соншалықты байланыстырылған болар ма еді. Арамызды жалғап тұратын күш неткен мықты еді. Оған уақыт та, арақашық та төтеп бере алмайды екен» деп ойланып қалдым...

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға