Жаңалықтар

АТСАЛИМ ИДИГОВ: БІЗДІҢ МЫҚТЫЛЫҒЫМЫЗ - РУХАНИЛЫҚ

АТСАЛИМ ИДИГОВ: БІЗДІҢ МЫҚТЫЛЫҒЫМЫЗ - РУХАНИЛЫҚ
28.06.2019 16:35 2704

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп, айрықша атап өтті. Шын мәнінде бүгінгі заманның сын-қатерлеріне барынша қарсы тұрып, әрі бірегей этнос болып қалу үшін біз ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды, ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын сақтауымыз қажет.

Ұлттық құндылық деген не? Оны қалай сақтап қалуға болады? Ұлттық бірегейліктің нақты қатерлері қандай? Ұлттық кодты жоғалту неге әкелуі мүмкін? Қоғамның ыдырауына бағытталған сырттан келетін ақпараттық шабуылдарға қарсы тұру қажет пе? Осы және басқа да көптеген сауалдарға сұхбатымызда белгілі журналист, қоғам қайраткері, саясаткер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Атсалим Идигов жауап берді.

— Біз халықтар немесе этностар туралы айтатын болсақ, ұлттық құндылықтар туралы жиі сөз қозғаймыз. Егер ғылыми тілде айтатынболсақ, оны қалай түсіндіріп берер едіңіз?

— Белгілі мағынада жалпыұлттық құндылықтар – бұл нақты социум өмірінің мәдени, отбасылық, әлеуметтік-тарихи, діни және басқа да салаларында бар басым, басты ұстанымдар деп айтуға болады. Оны басқаша да сипаттауға болады: негізгі ұлттық құндылықтар – белгілі бір этникалық қауымдастыққа тән рухани идеалдардың жиынтығы. Міне, олар ұлттың ерекшелігін, оның айрықша тарихын, яғни, бірегейлігін анықтайды.

— Бұл жалпы анықтама. Ал егер нақтырақ айтатын болсақ, бұл ұғымға не кіреді?

— Ұлттық құндылықтар туралы айтатын болсақ, біз ең алдымен рухани-адамгершілік аспектіні ескеруіміз керек. Ұлттық құндылықтар – рухани өмірдің өзегі деп бекерге айтпаса керек. Ал олардың негізінде еркіндік, мақтаныш, абырой, намыс, қадір-қасиет, ұйымшылдық, қонақжайлылық, үлкендерге құрмет сияқты ғибраттық санаттар жатыр. Осы қатарға мәдениет, тіл, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жоралғы, өмір салты және тағы сол сияқтылар жатады. Осылардан шын мәнінде белгілі бір халықтың менталдығы қалыптасады.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға