Атом бомбалауынан қалған сағат 31 мың долларға сатылды

Фото: RR Auction
Фото: RR Auction
26.02.2024 11:36
1365
Хиросимадағы бомбалау кезінен қалған сағат 31 мың долларға сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Japantimes мәліметінше, Хиросимадағы атом бомбалауы кезінен қалған қол сағаты АҚШ-тағы аукционда 31 113 долларға сатылды.
Аздап балқыған сағаттың тілі таңғы 8:15-ті көрсетіп тұр. Бұл – 1945 жылғы 6 тамызда «Сәби» атом бомбасының жарылған уақыты.
Сурет: RR Auction
«Сағатты ядролық дәуірдің таңы және өркениеттің батқан кезі деп қарастыруға болады», – делінген аукцион хабарламасында.
Бостондағы бәссауда үйі сағатты сатып алушының есімін атамаған.
Бөлісу:
