ҚАТЕРЛІ ІСІК
ҚАТЕРЛІ ІСІК, саркома (лат. cancer, carcіnoma және грек. karkіnos – шаян, краб) – тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзатын ісіктер; осы ісіктердің жайылуынан организмде метастаз процесінің басталуы. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болғандықтан Қ. і. рак деп аталған. Қ. і-тің негізгі бөлігі – эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа талшықтары болатын дәнекер тін. Сыртқы пішіні саңырауқұлақ пішінді ісік ас қорыту жолдарының кілегей қабаттарында болады. Ал жайпақ табақ тәрізді түрі тері қабатының клеткасына, ауыз қуысының кілегейлі қабатына, тыныс алу, зәр шығару және жыныс мүшелеріне түседі. Қ. і. ауруы өте ертеден белгілі. Б.з.б. (2 мыңжылдықтағы) Мысыр, Үндістан, Қытай дәрігерлерінің қолжазбаларынан бұл ауру туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Қ. і-тің неден пайда болатыны белгісіз болғанымен қандай жерде, қандай сыртқы факторлар әсер ететіндігі зерттелген. Қ. і. аяқ астынан пайда болмайды, оның өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған патол. жағдайлар, мыс., мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жара (ішек-қарын жарасы, тері, жатыр жаралары, т.б.) себеп болады. Қ. і-тің биол. ерекшеліктеріне адамның біраз уақытқа дейін ауруын сезбеуі, ісіктің көлемі 5 см-ден асқанда ғана науқастың ауырсынуы жатады. Қ. і-тің пайда болуына: рак туғызушы вирустар, сәуле көздері (радий, рентген), канцерогендік хим. заттар, (бензпирен, т.б.) гормондар, онкогендер әсер етеді. Қ. і-терді туғызатын зиянды заттар тікелей клетканың ядр. құрылымына (ДНҚ, РНҚ) әсерін тигізіп, клетканың өсіп өну процесін реттеп отыратын белоктардың сандық-сапалық қасиеттерін өзгертеді. Қ. і. клеткасы – организм ішінде пайда болатын тіршілік көзі. Ол организмге түсетін тағаммен, тіннің, мүшенің қалыпты клеткаларымен қоректенеді. Қ. і-тің клиникасы: ісіктің қай түрі болсын алғашқыда жанға батып ауырмайды, ісіктің мөлш. 1 –
Ә. Есенқұлов
"Қазақ энциклопедиясы"