Жаңалықтар

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар алқабилер сотының шешіміне наразылық келтірді

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар алқабилер сотының шешіміне наразылық келтірді
Фото: ©El.kz 15.02.2025 16:06 476

Ақмола облысының прокуратурасы алқабилер сотының шешіміне наразылық келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің үкімінің негізінде Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «№1 мекеме» РММ-нің бұрынғы 12 қызметкер ақталды.

Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде бұрынғы лауазымды тұлғалары сотталғандарға қатысты азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін айыпталған.

Алқабилердің үкіміне сәйкес, айыпталушылар кінәсіз деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаудағы айып бойынша ақталды.

Ақмола облысының прокуратурасы сот актісімен келіспей, 2025 жылы 14 ақпанда апелляциялық өтінішхат енгізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға