"Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алғаны үшін ұсталды - БАҚ

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Press.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
$30 млн доллар (Т13,3 млрд теңге) пара алғаны үшін "Атамекен" Ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды, - деп жазылған хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты ресми түрде растады.
Мырзахметов "Атамекен" палатасын 2013 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. Ол қызметінен 2022 жылдың ақпанында – қаңтардағы оқиғалардан кейін босатылды. Оған дейін 2009 жылдың тамыз айынан бастап "Бүркіт " ФКҚ" ЖШС-нің бас директоры болған. Әр жылдары Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасын басқарған және басқа да лауазымдарды атқарған.
