Жаңалықтар

«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды

«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Фото: видеодан алынған кадр 13.12.2024 18:32 1856

Алматыда метрода құлап мерт болған жігіттің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақ зағиптар қоғамы" 26 жастағы жігіт туралы айта отырып, метроның зағиптар үшін ыңғайсыз екенін айтты. 

Метрода құлаған марқұм Талғардың Қанат Батқалғазы деген жігіті екен. Жасөспірім кезінде оның көру қабілеті тез нашарлай бастады, оның үстіне бұл сырқаты тұқым қуалаған. Оған 5-тен астам ота жасалды, бірақ одан көру қабілеті жақсармады.

"Қазақ зағиптар қоғамы” мүшелерінің айтуынша, Талғат өте еңбекқор болған, компьютеріне орнатылған дауыстық бағдарламаның көмегімен 18 жасынан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ақша тауып, ата-әжесіне қамқор болды дейді. Медициналық колледжде массажист мамандығы бойынша оқыды.

Зағиптар қоғамы соңғы уақытта самокаттардың шашылып жатқанына көптеген шағымдар болғанын айтады. Көру қабілеті нашар адамдар үнемі олардың үстінен құлап кетеді дейді.

Көру қабілеті нашарлар арықтарға құлап кетіп жатады. Көптеген жерлерде тактильді жолдар жоқ. Бұл жолдар мүгедектерге жол көрсетеді. Таяқпен жүргенде кедергілер бар жерде жол көрсетіеді, – деді “Қазақ зағиптары қоғамы” Алматы қалалық филиалының төрайымыАлтынай Ибрагимова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға