Ата-анасын қарттар үйіне өткізгендер қалай жазаланады

Енді ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жіберген қазақстандықтар жалақысының 50 пайызынан айырылуы мүмкін. Яғни, айлығының тең жартысын қараусыз қалдырған әке-шешесіне аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Бұл бастаманы мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков көтеріп отыр. Оның пікірінше, баласы тастап кеткен қариялардың атындағы мүлкін де өзге адамдарға рәсімдеуге тыйым салған жөн.
Дәл қазір елімізде жеті мыңға жуық қария қараусыз қалып, қарттар үйін паналауға мәжбүр. Бұл ресми дерек. Әрі, жыл өткен сайын баласы бағудан бас тартқан қарттар саны ұлғайып келеді, - деді депутат Таңсәуле Серіков.
Ал ең сорақысы, ата-анасын тастап қашқан адам зейнетақы түскен күні ғайыптан пайда болады екен. Сондықтан, қариясын қарттар үйіне тапсырған балаларды жалақысының тең жартысын ата-анасына аударуға міндеттеуді ұсынып отыр. Мәжілісмен қарттардың құқығын қорғауға бағытталған заң да жұмыс істеп тұрған жоқ дейді. Себебі, қариялар жүз пайыз құқығы бола тұра, алимент өндірмейді. Не шағым да түсірмейді.
Сондықтан біздер, ата-анасын қарттар үйіне тапсырған, қараусыз қалдырған балалар, ата-аналарының есепшотына тапқан жалақысының 50 пайызын мөлшерлеп міндеттеу керекпіз. Әрине, бұл қаражат ата-анаға деген құрметке тең келмейді, дегенмен материалдық өтеуі болуы керек, - дейді депутат Таңсәуле Серіков.
Сондай-ақ, Таңсәуле Серіков жасы 70-тен асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлік болса, оны өзге адамдарға рәсімдеуге тыйым салу қажет деп санайды.
