Жаңалықтар

Ата-ананың талабы бойынша сотпен әке туралы мәліметтер алынып тасталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының сотының ресми сайтында жарияланды
Ата-ананың талабы бойынша сотпен әке туралы мәліметтер алынып тасталды
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайты 09.08.2022 20:46 2269

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотымен әке туралы мәліметтерді алып тастау туралы азаматтық іс қаралды, – деп хабаралайды El.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының сотының ресми сайтында жарияланды.

Талапкер А. 2016-2018 жылдар аралығында жауапкер Н - мен жақын қарым-қатынаста болғанын, сонымен қатар жауапкер Н. 2012 жылдан бастап азамат С - мен некеде тұрғанын, 2019 жылы неке бұзылғанын көрсетіп, сотқа жүгінген.

2018 жылғы тамызда жауапкер Н. қыз босанған, туу туралы актілік жазбада баланың әкесі ретінде жауапкердің жұбайы – азамат С. көрсетілген.

Талапкер А. өзін баланың әкесімін деп санап, әкесі азамат С. туралы мәліметті алып тастауды сұраған.

Сот азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі азамат С-ның  баланың әкесі туралы мәліметтерге  Н. мен С. арасындағы неке туралы актісінің жазбасына сәйкес енгізгенін анықтады.

Сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысынан бала мен азамат С. арасындағы биологиялық туыстық жоқ екені, өз кезегінде талапкер А. мен бала арасындағы әке болу ықтималдығы 99,9% құрайтыны белгілі болған.

Сот шешім шығарған кезде жоғарыда аталған сарапшының қорытындысын негізге алу қажет деп санаған, себебі сараптаманы құзыретті маман қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптардың қан үлгілерінен ДНҚ бөлу арқылы жасаған, сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген.

Бұдан басқа, бұрынғы ерлі-зайыптылар сот талқылауы барысында талапты мойындап, соттан талапты тануды қабылдауды сұраған.

Осылайша, сот шешімімен әкесі - азамат С. туралы мәлімет баланың тууы туралы актілік жазбасынан алынып тасталды.

Сот актісіне тараптар шағымданған жоқ, ол уәкілетті органмен орындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға