Жаңалықтар

Ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат етілмек

Ата-аналарға реанимациядағы балаларымен бірге болуға рұқсат етілмек
Фото: ©El.kz 15.02.2025 13:24 441

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл «ашық реанимация» қағидаты деп аталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Яғни, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыру.

Ведомствоның айтуынша, бұл балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді жақсартуға ықпал етеді.

Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға