Асырап алған балаларын құл қылған адам төрт жылға сотталды
Ұлытау облысында жетімдер үйінен асырап алған балаларға мал бақтырған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта белгілі болғандай, Садықова 2018 жылы 3 жетім балаға патронат болып, қожалыққа әкеп, мал бақтырған. Балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда әйел оларды сабаған.
Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.