Асырап алған балаларын 5 жыл құл еткен әйел ұсталды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
19.02.2024 10:36
972
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асыранды балалар 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған.
Бір отбасынан шыққан үш бала 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 шақырым қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген,- деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Балалар омбудсмені өңірге арнайы барып, облыс әкімі, прокуратура және ІІМ-мен істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделеген.
Бөлісу:
