Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
12.07.2022 15:44
1446
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты.
Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сөз сұлу көрінер сөйлегенде - Гүлмира Нәлібай