Жаңалықтар

Президент Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысып жатыр

Президент Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысып жатыр
17.06.2022 18:58 1870

XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды, – деп хабарлайды El.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараны Ресей Президенті Владимир Путин ашады. Сессияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы Египет Президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси сөз сөйлейді.

Форум қатысушыларына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнеүндеу жолдайды. Спикерлер сөз сөйлеп болған соң сұрақ-жауап форматында ашық пікірталас өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға